Тауарлардың нысаналы мақсатын растау қағидалары мен нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының - Сауда және интеграция министрінің м.а. 2023 жылғы 30 наурыздағы № 125-НҚ бұйрығы
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес тауарлардың нысаналы мақсатын растау қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тауарлардың нысаналы мақсатын растау нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сыртқы сауда қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.